Қорғаушы Нұралы Әліп Қазақстан мен Уэльс арасындағы Әлем чемпионаты іріктеуі алдындағы баспасөз-мәслихатына қатысты.
Ел құрамасы мен “Зенит” командасының орталық қорғаушысы Нұралы Әліп:
Команданың капитаны болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұған дейін біраз жылдар бойы Қазақстан ойыншыларын маңызды кездесулерде Асхат ағамыз жасыл алаңға бастап шығып жүрді. Алдағы уақытта мағанда бұндай мүмкіндік бұйырса, барымды салатын боламын.
Ертеңгі матчқа команданың дайындығы қандай? Ұйқыларыңыз қанық па?
Құрамаға келгенде үнемі көтеріңкі көңіл-күймен келуге тырысамын. Командаластарымның барлығының ертеңгі ойынға дайындығы жақсы деп нық сеніммен айта аламын.
РПЛ үздік ойыншылары қатарынан табылып жүрсіз. Осы орайда, шетел ұжымдарынан өзіңізге ұсыныстар болды ма? Жалпы Еуропада ойнауға дайынсыз ба?
Әрине, әр футболшының өзінің кәсіби мансабында деңгейін өсіру үшін шетелде ойнап қайтып жатады. Менде біздің қазақ жігіттеріміздің Еуропа чемпионаттарында өнер көрсетуіне әрқашан тілектеспін. Дастан Сәтпаевта өзің көрсетіп “Челсиге” ауысты. Алдағы уақытта өзімде шетел жайында ойлап жүрмін. Неде болса, басқа командадан келген ұсыныстарды Қайрат Советайұлынан еститін боласыздар.
Еске салсақ, ертең елордасы Астана жерінде ел құрамасы Әлем чемпионаты іріктеуі аясында Уэльспен бақ сынасады. Аталмыш матчты қазақстандық жанкүйерлер 19:00-де тамашалай алады.