instagram: nurik028
Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны және Санкт-Петербургтік "Зениттің" қорғаушысы Нұралы Әліп маусымаралық үзілісте отбасымен бірге уақыт өткізуде, деп хабарлайды Aladop.kz.
Футболшы биылғы демалысын саяхатқа арнаған көрінеді. Алдымен Вьетнамда болған Әліп, кейін отбасымен бірге экзотикалық Мальдив аралдарына аттанды. Нұралы әлеуметтік желідегі парақшасында демалыстан суреттер жариялап, оқырмандарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Нұралы бұл демалысын тек отбасына — жары мен кішкентай қызына арнаған. Көпшілік футболшының үлкен шудан жырақ, тыныш әрі жылы өлкеде күш жинап жатқанын атап өтуде.