"Зенит" және Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Петерборлық клубтағы жаттығу қарқыны мен команда ішіндегі бәсекелестік жайлы пікір білдірді.
"Мен алаңда қарсыластарға оңайлықпен мүмкіндік бере қоймайтын, қатаң ойын үлгісін ұстанатын қорғаушымын. Бұл қасиет кейде жаттығуларда да байқалады."— дейді Әліп.
"Ең көп соққыны біздің шабуылшылар — Кассиера, Луси және Соболь жасайды. Кейде дайындық соншалықты қарқынды өтеді, кіммен ойнап жатқаныңды да байқамай қаласың. Кей сәттерде байқамай біреудің аяғына басып кетесің, кейін барып: “Кешір, байқамай тидім.” — деп айтасың.
Оның айтуынша, командадағы атмосфера түсіністікке толы:
"Барлық жігіттер мұның зұлымдықтан емес, ойын қарқынынан болатынын біледі. Сондықтан ешқандай реніш болмайды, бәріміз бір мақсат үшін еңбектеніп жүрміз.” — деді Нұралы Әліп “Зенит” клубының ресми сайтына берген сұхбатында.