Нұралы Әліп мерейтойлық матчында “Зенитке” жеңіс сыйлады

28.09.2025, 07:00

Санкт-Петербургтің "Зениті" Ресей Премьер лигасының оныншы турында "Оренбургтен" айқын жеңіспен басым түсті – 5:2.

Нұралы Әліп мерейтойлық матчында “Зенитке” жеңіс сыйлады

Кездесуде Петерборлықтардың шабуылшысы Максим Глушенков керемет ойын көрсетіп, покер жасады (22, 34, 77, 90+2 минуттарда гол соқты). Тағы бір допты Александр Соболев 74-минутта енгізді. Қонақтар сапынан Эмиль Ценов (83 мин) пен Владислав Камилов (88 мин) мергендік танытты.

Бұл ойында "Зениттің" Қазақстандық қорғаушысы Нұралы Әліп негізгі құрамда алаңға шығып, толық 90 минут өнер көрсетті. Аталған матч оның Петерборлық клубтағы 100-ші кездесуі. Осылайша ол “Сине-бело-голубых”-тар үшін 100 матчқа қатысқан тарихта 140-шы ойыншы болды.

Осы турдан кейін "Зенит" 20 ұпай жинап, турнирлік кестеде үшінші орынға тұрақтады. Команда чемпиондық бәсекеде басты қарсыластарынан қалыспай келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×