Нұралы Әліп «Зенит» сапында алаңға капитан ретінде шықты

31.07.2025, 09:49

Санкт-Петербургтің «Зенит» командасы Ресей кубогының топтық кезеңіндегі бірінші тур аясында сырт алаңда Грозныйдың «Ахмат» клубын 2:1 есебімен жеңді.

Нұралы Әліп «Зенит» сапында алаңға капитан ретінде шықты

Бұл ойында Қазақстан ұлттық құрамасының қос ойыншысы да бір-біріне қарсы доп тепті. «Ахмат» сапында шабуылшы Максим Самородов пен «Зениттің» қорғаушысы Нұралы Әліп матчты толық өткізіп шықты.

Айта кетейік, Нұралы Әліп соңғы рет «Зенит» сапында 3 шілде күні «Динамоға» қарсы жолдастық ойында өнер көрсеткен еді.

Келесі матчта Ресей Премьер-Лигасы аясында «Зенит» ЦСКА-мен кездессе, ал грозныйлықтар Махачкалада жергілікті «Динамомен» ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×