Нұралы Әліп «Зенит» сапында тағы бір жақсы кездесу өткізді

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
18.09.2024, 10:19

Санкт-Петерборлық «Зенит» Ресей Кубогінің төртінші турында қазанның «Рубинін» қабылдап, сенімді жеңіске жетті.

Нұралы Әліп «Зенит» сапында тағы бір жақсы кездесу өткізді
Нұралы Әліп "Зенит" сапында

2:0 есебімен аяқталған ойында алаң иелері сапында Густаво Мантуан мен Дмитрий Чистяков гол салды. Питерлік клуб сапында бұл бәсекеде Нұралы Әліп өнер көрсетті. Қазақстан құрамасының қорғаушысы Кубоктік кездесуге алаңға бірінші минуттан шығып, өз позициясында сенімді өнер көрсетті. «Зенит» биылғы маусымда РПЛ-дің турнирлік кестесінде бірінші орынға көтерілді. Сергей Семак жаттықтыратын команда қоржынында сегіз матчтан кейін 20 ұпай бар.

Естеріңізде болса, Нұралы Әліп «Зенит» қатарын 2022-жылы толықтырған болатын. Қазақстандық қорғаушы Санкт-Петерборлық ұжымға «Қайраттан» ауысып келді.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×