Нұралы Әліп «Зениттің» ойындарына қатыспайды

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
05.08.2024, 11:49

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп «Зенит» сапында алдағы бірнеше ойында алаңға шықпайтын болды. Футболшы жаттығу барысында аяғын жарақаттап алған екен. Бұл туралы «СЭ» басылымы мәлімдеген еді.  

Нұралы Әліп «Зениттің» ойындарына қатыспайды
Нұралы Әліп "Зенит" сапында

Санкт-Петерборлық команданың намысын қорғайтын футболшы 30-шілдеде өткен Ресей Кубогі аясындағы «Факелге» қарсы ойыннан кейінгі жаттығу процесінде жарақат алып қалды. Енді 24 жасар қорғаушы шамамен 2-3 апта шамасында өзінің командасына көмектесе алмайды. Нұралы Әліп «Динамо» (10-тамыз), «Химки» (18-тамыз, сырт алаңда) және «Спартакпен» (24-тамыз) өтетін мачтарға қатыса алмайтын секілді. Алайда, питерлік қорғаушы Қазақстан құрамасының 1-қыркүйекте басталатын оқу-жаттығу жиындарына дейін жарақатынан толық айығып, қатарға қосылады деген сенім мол.

Айта кетейік, Нұралы Әліп өткен маусымда «Зенит» сапында Ресей премьер-лигасын ұтып, чемпион болды.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 9
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×