Нұралы Әліп: “Жігіттерге қазақша дем беруге тырыстым – қатты сөздер барлық тілде бірдей”

19.10.2025, 21:15

Ресей Премьер лигасының 12-турында "Зенит" "Сочиді" 3:0 есебімен ұтты. Кездесуден кейін Қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп өз ойымен бөлісіп, гол соққан сәтті және ойын барысын бағалады.

Нұралы Әліп: “Жігіттерге қазақша дем беруге тырыстым – қатты сөздер барлық тілде бірдей”

"Вендел соққы жасағанда қақпашы допты кері қайтарды, мен дәл сол жерде тұрдым. Мүмкіндікті сәтті пайдаландым. Құрамада өз атмосфера, клубта өз атмосфера. Бірақ соңғы матчтарда Қазақстан құрамасы жақсы ойнады, төрт ұпай жинадық. Сол көңіл-күймен келдік, енді "Зенитпен” де жеңіске жеткіміз келді.” — деді ол.

Шаршау бар ма? – деген сұраққа:

"Демалыс желтоқсанда болады. Қазір жұмыс уақыты. Барлығы қалыпты.” – деп жауап берді қорғаушы.

"Кейде соңғы орында тұрған командаға қарсы ойнау қиын болады. Мұндай матчтарда өзіңді бос ұстап қою оңай. Сондықтан жігіттерді ойын бойы жігерлендіріп отырдым."

Қай тілде дем бердіңіз?

"Қазақша! Қатты сөздер барлық тілде бірдей ғой.” — деп әзілдеді Нұралы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×