Нұралы Әліптің клубы Ресей Кубогінің финалына шықты

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
18.04.2024, 11:22

Санкт-Петерборлық «Зенит» Ресей Кубогінің жартылай финалында «Спартактан» басым түсті.

Нұралы Әліптің клубы Ресей Кубогінің финалына шықты

Кеше питерлік команда жауапты кездесуде өз алаңында қарсыласымен тең түсіп (0:0), қос ойын қортындысында жеңімпаз атанды. Айта кетейік, Мәскеуде болған бәсекеде «Зенит» 1:2 есебімен жеңіске жеткен. Сонымен, 2:1 есебімен финалға Сергей Семактың комндасы шығып отыр. Қазақстан Ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп қос команданың бірінші кездесуіне қатысты. «Спартактың» алаңында өткен матчта Әліп алаңға негізгі құрамда шығып, екінші таймда өз орнын босатқан болатын. Ал кешегі кездесуде қазақстандық футболшы қосалқы құрамда қалды. Енді «Зенит» Ресей Кубогінің финалында тағы бір Мәскеулік команда – «ЦСКАМЕН» жолығады. «Зенит» - «ЦСКА» ойыны 15-мамырға жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 16
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×