Ресей Кубогының ширек финалының алғашқы ойынында "Зенит" командасы өз алаңында Мәскеудің "Динамосына" 1:3 есебімен жол берді.
Мәскеуліктер сапынан Иван Сергеев, Ульви Бабаев және Константин Тюкавин гол соғып, өз командасына айқын жеңіс сыйлады.
Ал Петерборлықтардың жалғыз голын Педро соқты.
Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп бұл ойында негізгі құрамда алаңға шыққанымен 64-минутта ауыстырылды.
Ал “Динамодағы” Қазақстандық футболшы — Бахтиер Зайнутдинов жарақатына байланысты матчқа қатысқан жоқ.
Қарымта кездесу 27 қараша күні Мәскеуде өтеді.