Нұралы Әліп қорғаныстың жаңа позициясына бой үйретіп келеді
Кеше РПЛ 21-турында Санкт-Петерборлық "Зенит" өз алаңында "Рубиннен "0:2 есебімен ұтылып қалды. Қазан қаласының командасында гол салғандар - Мирлинд Даку (50) мен Александр Мартынович (67). Питерлік клубтың негізгі құрамында әдеттегідей Нұралы Әліп шықты. Алаң иелерінің бас бапкері Сергей Семактың қазақстандық футболшыны соңғы уақытта қорғаныстың сол қапталына қойып жүргені мәлім. Сергей Богданұлы осы жолы да Әліпке осы позицияны сеніп тапсырған болатын. "Зениттің" бапкері сол үшін тіпті Дуглас Сантостың өзін қосалқы құрамда қалдырған. Жалпы, Санкт-Петерборлық команданың бұл кеште ойыны жүрмей, ұтылса да, Нұралы Әліп жақсы өнер көрсетті. "Зениттің" бірінші таймдағы гол соғатын екі мүмкіндігі болса соның бірін Әліп мүлт жіберді. Отандасымыздың керемет соққысын "Рубиннің" қақпашысы Юрий Дюпин қайтарған. Сергей Семек бірінші таймдағы тең нәтижеден кейін, қазақстандық қорғаушыны алып тастады. Алайда, Нұралы Әліп кеткен соң алаң иелері екі гол жіберіп алды.
Сонымен, "Зенит" чемпиондыққа таластағы жағдайын жақсарта алған жоқ. Өкшелеп келе жатқан "Краснодармен" арасы бір-ақ ұпай. Санкт-Петерборлық команда келесі турда "Динамомен" кездеседі. Бұл матч сәуірдің 28-не жоспарланған. "Зениттің" РПЛ-де әлі 4 кездесуі бар. Команда қоржынында 41 ұпай.
Біздің серіктес: FONBET