Нұралы Жақсылық: «Астананың» басты мақсаты – чемпиондық»

16.08.2025, 11:07

«Астананың» жас жартылай қорғаушысы Нұралы Жақсылық Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде «Лозаннаға» қарсы өткен ойында (0:2) алаңға шығып, матчтан кейін Vesti.kz тілшісіне пікір білдірді. Ол жанкүйерлердің қолдауына алғыс айтып, маусымдағы негізгі мақсатты атады.

Нұралы Жақсылық: «Астананың» басты мақсаты – чемпиондық»
Нұралы Жақсылық

Жақсылық 72-минутта Марин Томасовты алмастырып, екі соққы жасап, сегіз дәл пас берді. Дегенмен, есепті өзгерту мүмкін болмады.

 

– Әр минутты тиімді пайдалануға тырысамын. «Астанада» бала кезімнен ойнап келемін, бұл клуб үшін барымды саламын, – деді ол.

 

Футболшының айтуынша, алдағы мақсат – Қазақстан Премьер-лигасында жеңіске жету.

– Бізді сегіз ойын күтіп тұр, әрқайсысына финал ретінде дайындаламыз, – деп түйіндеді ол.

 

Айта кетейік, Нұралы Жақсылық биыл 14 матчқа қатысып, екі гол мен екі нәтижелі пас берді. Соңғы үш маусымда алты еурокубок ойынында алаңға шыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ФК Астана
Aladop Youtube
×