21 жастағы шабуылшыға “СКА-Хабаровск” клубы қызығып жатыр екен.
Хабаровск ұжымы келер маусымда ФНЛ-де жоғары нәтиже көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан табылуды көздеп отыр. Алайда биылғы шабуылшылардың көрсеткішімен жаңа маусымда діттеген межеге жету мүмкін болмай тұр. Алайда Нұралы секілді жас потенциалды ойыншыларды сатып алу арқылы СКА мықты құрам жасақтамақшы. Оның үстіне біздің футболшы Ресейде легионер болып саналмайды.
Жалпы осы маусымда Жақсылық “Астана” жейдесінде 19 матч өткізіп, 3 гол мен 2 голдық пас берді.
Айтпақшы, Нұралы барып қалуы мүмкін командада карантин уақытында Арман Кеңесов ойнап қайтты. Алайда 19 кездесуде Павлодар футболы түлегі гол соға алмады.
Дереккөз: Kazakh.Football.Insidе