Нұрбол Жұмасқалиев: “Біз әрдайым өз ойынымызды көрсетуге тырысамыз”

Бүгін, 07:46

Суперкубок үшінгі "Тобыл" – "Қайрат" арасындағы матч алдында Қостанайлық клубтың бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев журналистердің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Нұрбол Жұмасқалиев: “Біз әрдайым өз ойынымызды көрсетуге тырысамыз”

— Жақында команда сапына Кирилл Глущенков пен Урош Милованович қосылды. Оларды ертеңгі матчта алаңнан көре аламыз ба?

"Жаңа ойыншылардың бізге қосылғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Сондықтан ертеңгі ойын туралы нақты бірдеңе айту қиын. Дегенмен, олар жаттығу жұмыстарына қатысты. Барлығы ойын барысына байланысты болады."

— Сіз үшін не маңызды: жеңіс кубогы ма, әлде Суперкубогта жеңгені үшін берілетін сыйақы ма?

"Бұл туралы айту, әрине, оңай емес. Десе де, ең бастысы — алаңдағы ойынның сапасы деп есептеймін."

— Қазіргі таңда командадан кеткен Чесноков пен Ерлановтың орнын кім баса алады?

"Олардың орнына жаңа футболшылар келді. Жаңа ойыншылардың командаға қалай сіңісіп кететінін алдағы уақытта көретін боламыз. Клуб сапын толықтырған жігіттер команданың әлеуетін арттыра түседі деген сенімдемін."

— Түркияда өткен оқу-жаттығу жиындарына қандай баға берер едіңіз?

"Дайындық кезеңіне бірден баға беру мүмкін емес. Не сәтті шықты, не сәтсіз болды деген сұраққа алдағы маусым жауап береді. Барлығын уақыт көрсетеді."

— "Қайратқа” қарсы арнайы тактика дайындадыңыздар ма, әлде өз ойын өрнектеріңізге сүйенесіздер ме?

"Біз әрқашан өз стилімізде ойнауға тырысамыз. Сонымен қатар, қарсыластың да ойынын мұқият зерттеп, сараптама жасайтынымыз анық."

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×