Нұрбол Жұмасқалиев: кубоктағы көңіл-күй мүлде бөлек болады

03.10.2025, 20:03

«Тобылдың» бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев алдағы Қазақстан кубогының финалына қатысты өз ойымен бөлісті.

Нұрбол Жұмасқалиев: кубоктағы көңіл-күй мүлде бөлек болады

— Финал - әрқашан ерекше мереке. Біздің жігіттер намысқа ойнап, барын салуға дайын. Ең алдымен, кубок пен чемпионат — екі түрлі турнир. Чемпионаттағы соңғы екі ойында кейбір қиындықтарға тап болсақ та, кубоктағы көңіл-күй мүлде бөлек болады. Себебі, финал бір ғана матчтан тұрады. Қателікті түзетуге уақыт болмайды. Ойын қалай өрбитінін білмейміз. Бірақ өзіміздің ең үздік қырымызды көрсетеміз деп сенемін. Өз қағидаларымыз бен тәртіптің арқасында жанкүйерлерге ұнайтын сапалы футбол көрсеткіміз келеді, — деді Нұрбол Жұмасқалиев.

Айта кетейік, Қазақстан кубогының финалы 4 қазанда Қызылордадағы жаңа «Қайсар Арена» стадионында өтеді. Бұл аренадағы алғашқы ресми матч болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×