Қазақстанда танымалдығы жөнінен Самат Сымақовтан кем түспейтін футболшының бірі – Нұрбол Жұмасқалиев. Қостанайлық «Тобылдың» сапында жүріп, жұлдызы жанған Нұрболға қазақ жанкүйерлерінің ықыласы ерекше. Жақында «Намыстан» түлеп ұшқан намысқой жігітпен аз-кем әңгімелесудің сәті түсті.
– Нұрбол, Қазақстан чемпионатының аяқталуына аз ғана уақыт қалды. Қалай ойлайсың, өзің доп тебетін «Астананың» алтыннан әлі де үміті бар ма?
– Әрине, алтыннан үміттіміз. Биылғы біріншіліктің жеңімпазы ең соңғы сәтке дейін анық болмайтын секілді. Біз топ басындағы «Жетісу» және «Шахтермен» құйрық тістесіп келеміз. Жеңіске деген құштарлығым ерекше. Маусым аяқталар тұс таяп қалды. Мен командаға қолымнан келгенше көмек қолын создым деп ойлаймын. Алдағы ойындарда да барымды салуға тырысамын.
– Қазір «Астананың» намысын қорғап жүрсің. Бірақ футболшылық ғұмырыңның ең жарқын сәттері «Тобылда» өткені рас. Қостанайлық командаға қарсы ойнағанда, қандай сезімде болдың?
– Әрине, қобалжыдым. Кәсіби ойыншы ретінде қалыптасуыма «Тобылдың» тигізген пайдасы зор. Футболшылық ғұмырымның он жылы Қостанайда өтті. Сондықтан, сүйікті командама қарсы ойнау қиын болмады демеймін. Біз чемпионат барысында «Тобылмен» үш рет кездестік. Үш кездесу де менің жаңа командамның жеңісімен аяқталды.
– Былтыр тұңғыш рет ел чемпионатының алтынын алған «Тобыл» биыл үздік алтылықтан да сырт қалды…
– Иә, қазір құрам да өзгерді, бапкерлер де ауысты. Сол себепті, ойын да басқаша. «Тобылға» жаным ашитыны рас. Өміріңнің он жылы өткен командаға бей-жай қарай алмайсың ғой… Бәрінен бұрын жанкүйерлерге қиын болды. «Тобылдың» жанкүйерлері алдында басымды иемін. Бірақ, меніңше, бұл – уақытша, өтпелі кезең. Әлі-ақ «Тобылдың» көші түзеледі.
– Он жылдан соң команда ауыстыру қиын болған жоқ па? Астаналықтар сізді қалай қарсы алды?
– Алғашында командаға бой үйрете алмай жүргенім рас. Бірақ көп ұзамай жігіттермен тіл табысып, жақын араласып кеттім. Командада бәріміз бір үйдің баласындаймыз. Ұлттық құрамадағы және «Астанадағы» ойыншылардың барлығымен сәлемім түзу, ара қатынасым жақсы.
– Соңғы кезде ұлттық құрамаға шақырылмай жүрсіз…
– Иә… (біраз үндемей тұрды). Бас бапкер құрама сапынан көргісі келмесе, демек, менің кемшіліктерім бар шығар. Мүмкін, мен бас бапкер қалаған ойын деңгейін көрсете алмай жүрген болармын. Ұлттық құрамада ойнау – кез келген футболшының арманы. Уақыт өте келе, Мирослав Беранектің сенімінен шығамын деп ойлаймын.
– Түркия, Әзербайжан, Бельгия… Бәрінен жеңіліс таптық (сұхбат Қазақстан – Австрия матчынан бұрын алынған еді – авт). Осыған алып қосарыңыз бар ма?
– Өкінішті! Тек қана өкініш. Бірақ бізден Германия, Түркия сынды әлем футболының көшбасшыларымен тең ойын талап етуге әлі ерте. Олармен иық тірестіре алмаймыз. Әрине, жеңілгеніміз үшін өкінемін. Жеңілістің дәмі қашанда кермек. Көш жүре түзеледі ғой… Уақыты келгенде, Қазақстан футболшылары да жанкүйерлерін жеңіспен қуантады.
– Әріптесіңіз Самат Сымақов ұлттық құрамамен қош айтысты. Бұл сізге қалай әсер етті?
– Шыны керек, әлі ерте сияқты. Саматтың ортамызда доп теуіп, жастарға үлгі болып, бізге арқа сүйер азамат болып жүре тұрғаны жақсы еді. Әрине, бұл оның өз шешімі болғандықтан, амал жоқ…
– Саматтың, сіздің ізіңізді басар футболшылар деп кімдерді айтасыз?
– Ұлан Қонысбаевты, Марат Шахметовты, Жамбыл Көкеевті айтар едім. Олар – өте талантты жігіттер.
– Футболшылардың жеке өмірі халыққа қашанда қызық. Отбасыңызда нендей жаңалық бар?
– Отбасымда айтарлықтай өзгеріс жоқ. Аяулы жарым Әсел екеуміз кішкентай қызымызды тәрбиелеп отырмыз.
Ырысбек ЖАНТӨРЕ, «Жақсы» порталы
Нұрбол ЖҰМАСҚАЛИЕВ: Алтыннан үміт үзбейміз

Біздің серіктес: FONBET