Нұрбол ЖҰМАСҚАЛИЕВ: “Мен енді астаналықпын”

01.03.2011, 18:12
Нұрбол ЖҰМАСҚАЛИЕВ: “Мен енді астаналықпын”

Наурыздың екісі күні футболдан Қазақстанның Суперкубогы сарапқа салынады. Ел чемпионы «Тобыл» мен Кубок иегері «Локомотив» арасындағы матч «Астана Арена» стадионында өтпекші.Теміржолшылар сапына биыл қосылған Нұрбол Жұмасқалиев үшін бұл кездесудің ерекше болары сөзсіз. Он жыл бойы «Тобыл» жидесінде алаңға шығып, аталған клуб сапында ел чемпионы атанған Нұрбол енді өзінің бұрынғы командаластарына қарсы ойнағалы отыр. Осы орайда еліміздің үздік ойыншысының бір ауыз пікірін білгенбіз. - «Локомотив» мені өте жақсы қабылдады. Өте сауатты әрі мықты ойыншылардан жасақталған команда. Ел суперкубогын ұтып алуды көздеп отырмыз. Сондай-ақ, Қазақстан премьер-лигасында үздік болуға тырысамыз. «Тобыл» менің талай жыл тер төккен командам. Бірақ, не сезінерімді әлі толық білмеймін. Өйткені, мұндай оқиға менің басымнан бірінші рет өткелі отыр. Мүмкін, ойын басталарда толқу болатын шығар. - Жақында Кәрім Бензема өзінің бұрынғы командасы «Лионға» соққан голын атап өткен жоқ. Егер «Тобыл» қақпасына гол соқсаңыз, тойлайсыз ба? - Бұл сұраққа жауап беру қиын. Оны ойын барысында көре жатармыз. Мен енді «Локомотивтің» футболшысымын, сондықтан да астаналық команда жеңіске жету үшін барымды саламын. - Достастық Кубогындағы «Тобылдың» ойынын тамашаладыңыз ба? - Өкінішке қарай, көре алмадым. Ол кезде мен «Локомотивпен» бірге Түркияда оқу жаттығу жиынында болған едім. - «Тобылдың» қазіргі құрамы мен ойынына қандай баға бересіз? - «Тобыл» қазір жас ойыншылардан құралған жаңа командаға айналды. Сондықтан да, тек сәттілік тілеймін.

http://www.masa.kz/article/view/id/998

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×