Нұрбол Жұмасқалиев Қазақстан жастар құрамасының бапкері болып тағайындалды

18.08.2021, 22:47
Нұрбол мырза алдағы матчта Қайрат Нұрдәулетовке көмектесетін болады.
Нұрбол Жұмасқалиев Қазақстан жастар құрамасының бапкері болып тағайындалды

«Тобыл» командасының спорттық директоры Нұрбол Жұмасқалиев Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушылар штабына енді. Бұл туралы қостанайлық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрбол Жәрдемұлы аға жаттықтырушы Қайрат Нұрдәулетовке Дания жастар құрамасына қарсы өтетін матчта көмектеседі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бұл қызметте «Ордабасы» бас бапкерінің көмекшісі Андрей Ферапонтов жұмыс істеген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×