Нұрболды қуып еді, өзі де қуылды

25.05.2011, 17:05
Нұрболды қуып еді, өзі де қуылды
«Әне кетеді, міне кетеді» деумен жазға дейін жеткен «Тобыл» футбол клубының бас бапкері Равиль Сабитов ақыры өз қызметінен кетіп тынды. Ресейлік маманның «Тобылдан» кететіні туралы қауесет өткен жылдың екінші жарты­сында команда ішіндегі аражіктік кикілжіңнен кейін-ақ тараған болатын. Бейресми ақпараттардың хабарлауынша, сол кезде кикілжіңнің арты тіпті төбелеске ұласып кеткен көрінеді. Ал мұның барлығына айыпты ретінде көпшілігі Равиль Сабитовтің есімін атап жүр. Дегенмен ресейлік маман өз кінәсін түсінудің орнына маусым аяқтала салысымен Қостанайға чемпиондықты алып берген футболшылардың 90 пайызын «Тобылдан» тық­сыртты. Олардың орнына басқа футболшылар алдыртқанымен, жаңа ойыншылар бұрын­ғылардың орнын баса алмай, команда бірте-бірте төмен сырғи берді. Жеңілістерінің саны жетеуге жетіп, қостанайлықтар турнир кестесінің 9-сатысына бір-ақ түседі. Ақыры клубтың тасын өрге домалата алмасын түсінген Равиль Сабитов 12-турдағы «Локомо­тивтен» жеңілісінен кейін қызметінен кету туралы облыс әкімінің атына арыз жазған көрінеді. Ал дүйсенбі күні кешкісін Сергей Кулагин бас бапкердің өзімен кездесіп, арызын қабыл алды. Енді команданы уақытша тағы бір ресейлік маман Александр Беляков жаттықтыратын болады. Айта кетейік, Беляков бұған дейін «Тобылдың» физикалық дайындық жөніндегі жаттықтырушысы болған-ды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×