27 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Еркебұлан Нұрғалиев "Ақтөбеге" ауысуы мүмкін, деп хабарлайды KazFootball.kz. Жартылай қорғаушы қазірдің өзінде Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында "Ақтөбе" клубымен бірге жаттығуда.
Нұрғалиев 2020 жылғы маусымды қарағандылық "Шахтерде" бастады. Және "кеншілер" сапында 2 матч өткізіп үлгерді. Тамыз айында ол "Каспийге" ауысты, ақтаулық клуб үшін 11 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді.
Еркебұлан бұған дейін "Ақжайық", "Оқжетпес", "Алтай", "Ертіс", "Спартак", сондай-ақ болгариялық "Верея" клубында ойнаған. Жалпы ол Қазақстан Премьер-лигасында 105 матч өткізіп, 9 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET