Нұркен Мазбаев: «Бауыржан Байтана қазір өзімізге керек»

03.05.2022, 19:09
«Тараздың» көшбасшысы сары қағаздың көптігіне байланысты алдағы ойынға қатыспайды.
Нұркен Мазбаев: «Бауыржан Байтана қазір өзімізге керек»

«Тараздың» бас бапкері Нұркен Мазбаев Премьер-лиганың тоғызыншы турында «Мақтааралмен» болған ойынды (1:0) қорытындылады:

- Тағы бір қиын ойын. Турнирдегі қиын жағдайға байланысты «Мақтааралдың» алаңда барын салғанын көрдіңіздер. Бірінші таймда жақсы ойнай алмадық. Бұл түсінікті – екі команда да өз мақсаттарына жетуді көздеп, оң нәтижеге қол жеткізгісі келді. Біз өз тактикамызды ұстандық, қақпамызға барынша гол жібермеуге тырыстық. Екінші таймда ойын кестесінің тығыздығынан жігіттеріміздің күші сәл азайды. Маған ауысымдар жасауға тура келді, нәтижесінде гол соғып, жеңіске жеттік. Жігіттерге алаңда барын салғаны үшін рахмет!

– Бауыржан Байтананы «Астанаға» ауысады дейді ғой...

– Мұны бірінші рет естіп тұрмын. Футболда үнемі қауесеттер өріп жүреді. Клубқа мұндай ұсыныс түспеді, бірақ қалай болғанда да Байтана қазір бізге керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×