Нұркен Мазбаев: «Бірінші гол бізге өте жақсы әрі уақытында көмектесті»

28.04.2022, 18:13
Бұл жеңіс «Ақтөбе» бапкерінің жұмыстан кетуіне себеп болды.
Нұркен Мазбаев: «Бірінші гол бізге өте жақсы әрі уақытында көмектесті»

«Тараздың» бас бапкері Нұркен Мазбаев «Ақтөбемен» өткен ойын жайлы пікір білдірді:.

— Ойынды өздеріңіз көрдіңіздер, меніңше, сегіз турдағы ойындардың ішіндегі ең жақсы матчымызды көрсеттік. Ойынның басынан бәрі біз ойлағандай өрбіді. Бұл, әрине, бірінші кезекте біздің ойыншылардың үлкен еңбегі. Өйткені олар алғашқы минуттан соңғы тоқсан бесінші минутқа дейін концентрацияны жоғалтпай, өздерінің бар күш-жігерін салды. Сондықтан мұндай ойынмен біздің болашағымыз жарқын деп ойлаймын.

«Ақтөбеде» биыл жақсы ұжым жиналғанын білесіздер. Тәжірибелі ойыншылар көп. Ойын тізгінін олар да бергісі келген жоқ. Ең бірінші гол бізге өте жақсы әрі уақытында көмектесті. Ал екінші голдан кейін олар шабуылға көп шыға бастады, біз қарсы шабуылмен ойнадық. Есепті ұлғайтатын мүмкіндіктеріміз болды. Бірақ осы нәтижеге де шүкіршілік айтамыз. Барлық жамбылдық жанкүйерлерді жеңіспен құттықтаймын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×