«Ньюкасл Юнайтед» Бразилия құрамасының ойыншысымен келісім-шарт жасасты

30.01.2022, 17:17
Бруно «Ньюкасл» тарихындағы ең қымбат трансферлердің тізімінде екінші орынға жайғасты.
«Ньюкасл Юнайтед» Бразилия құрамасының ойыншысымен келісім-шарт жасасты

«Ньюкасл» «Лионмен» бразилиялық жартылай қорғаушы Бруно Гимарайнстің трансфері туралы келісімге келді, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо.

Трансфер сомасы 40 миллион еуроны құрайды, тағы 2 миллион еуро бонус ретінде беріледі. Романоның айтуынша, Гимарайнс «Ньюкаслмен» төрт жылдық келісім-шартқа отырған. Келісім Бразилияда жасалды, өйткені ойыншы қазір өз ұлттық құрамасында өнер көрсетуде.

2020 жылдың қаңтарында «Лион» «Атлетико Паранаэнседен» футболшыны 20 миллион еуроға сатып алды. Осы маусымда Бруно 25 матч өткізіп, алты нәтижелі пас берді.

Бруно «Ньюкасл» тарихындағы ең қымбат трансферлердің тізімінде екінші орынға жайғасты. Англиялық клуб бірнеше жыл бұрын бразилиялық шабуылшы Жоэлинтонді 44 миллион еуроға сатып алған болатын.

«Лион» Гимайнсті аргентиналық футболшымен алмастырмақ. Франциялық клуб «Тоттенхэмнің» жартылай қорғаушысы Джоани Ло Чельсоны жалға алу туралы шешім қабылдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×