«Ньюкасл Юнайтед» жаңа бас бапкер тағайындады

09.11.2021, 04:43
Англиялық клуб жас маманға сенім артып көрмек.
«Ньюкасл Юнайтед» жаңа бас бапкер тағайындады

43 жастағы ағылшын маманы Эдди Хaу «Ньюкасл Юнайтедтің» жаңа бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. Қос тарап арасындағы келісім-шарт 2024 жылдың жазына дейін жарамды болмақ.

Эдди Хау соңғы рет «Борнмутта» жұмыс істеді. Жас бапкер «Бернлиді» де жаттықтырған.

«Ньюкасл Юнайтед» 11 матчта небәрі 5 ұпай жинады және Ағылшын Премьер-Лигасының турнирлік кестесінде 19-шы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×