«Ньюкасл Юнайтедті» жаттықтыратын бас бапкер анықталды

05.11.2021, 21:02
43 жастағы маман бұған дейін «Борнмутты» жаттықтырған.
«Ньюкасл Юнайтедті» жаттықтыратын бас бапкер анықталды

«Ньюкасл Юнайтед» бас бапкер қызметіне Эдди Хауды тағайындамақ, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо өзінің Twitter парақшасында.

Дереккөздің хабарлауынша, 43 жастағы маман «Ньюкаслмен» 2024 жылға дейін келісім-шартқа отырады.

Бұған дейін хабарланғандай, англиялық клубтың басшылығы «Аякстың» бас бапкері Эрик тен Хагпен, Бельгия құрамасының жаттықтырушысы Роберто Мартинеспен, «Рейнджерстің» тәлімгері Стивен Джеррард пен «Вильярреалдың» бапкері Унаи Эмериді шақыру мүмкіндігін қарастырған болатын. Сондай-ақ еркін агент ретінде жүрген Дженнаро Гаттузо, Паулу Фонсека және Люсьен Фаврмен келіссөздер жүргізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×