«Ньюкасл Юнайтедтің» бас бапкері қызметінен кетті

20.10.2021, 21:11
Ағымдағы маусымда «сауысқандар» 8 кездесуде небәрі 3 ұпай жинады.
«Ньюкасл Юнайтедтің» бас бапкері қызметінен кетті

"Ньюкасл Юнайтед" клубы бас бапкер Стив Брюстің қызметінен кеткенін хабарлады.

"Мен "Ньюкаслмен" байланысы бар барлық адамдарға осы бірегей футбол клубын басқаруға мүмкіндік бергені үшін ризамын. Мен жаттықтырушылар штабына, ойыншыларға және әсіресе қызметкерлерге қажырлы еңбектері үшін алғыс айтқым келеді. Қуаныш та, қайғы да болды, бірақ олар барын салды және олардың күш-жігерімен мақтана білуіміз керек.

Бұл керемет қолдауға ие клуб, мен оның жаңа иелері оны біз қалаған деңгейге жеткізеді деп сенемін. Клубқа осы маусымның қалған бөлігінде және одан кейінгі кезеңде де барлық жақсылықты тілеймін", - 60 жастағы маман өзінің жұмыстан кетуі туралы.

Англия Премьер-лигасының 9-турындағы "Кристал Пэласқа" қарсы кездесуде Грэм Джонс "Ньюкаслды" бапкер ретінде алып келеді.

Стив Брюс "Ньюкаслды" 2019 жылдан бері жаттықтырды. Оның жетекшілігімен команда Англия чемпионатының соңғы екі маусымында 12-ші және 13-ші орындарды иеленді. Ағымдағы маусымда "сауысқандар" 8 кездесуде 3 ұпай жинап, 19-орынға жайғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×