«Ньюкасл Юнайтедтің» қысқы трансферлік терезеде қанша ақша жұмсайтыны белгілі болды

17.10.2021, 19:37
Клуб иелері ойыншы сатып алуға 225 миллион бөлді, бірақ бәрін қыста жұмсай алмайды.
«Ньюкасл Юнайтедтің» қысқы трансферлік терезеде қанша ақша жұмсайтыны белгілі болды

The Telegraph басылымы Сауд Арабиясының мемлекеттік инвестициялық қоры сатып алған "Ньюкасл Юнайтедтің" келесі трансферлік терезеде қанша ақша жұмсайтыны туралы ақпаратты жариялады.

Дереккөздің хабарлауынша, "Ньюкасл" қаржылық фейр-плей ережелері бойынша қаңтарда ойыншыларды сатып алуға бөлінген 225 миллион еуроның аз ғана бөлігін жұмсауы мүмкін. Қысқы трансферлік терезеде "Ньюкасл" басшылығы 59 миллион еуроға ғана ойыншы сатып алуды жоспарлауда.

Клубта әлі де спорттық директор және бас директор жоқ, сондықтан "Ньюкасл" қыста емес, жазғы трансферлік терезеде белсенді жұиыс істемек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×