Обамеянг «Челсиге», Алонсо «Барселонаға» ауысады

02.09.2022, 00:47
Каталондық клуб габондық шабуылшы үшін 14 миллион еуро алады.
Обамеянг «Челсиге», Алонсо «Барселонаға» ауысады

«Барселонаның» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг мансабын «Челсиде» жалғастырады. Қос команда бұл трансфер жайлы ортақ мәмілеге келді, деп хабарлайды журналист Фабрицио Романо өзінің Twitter парақшасында.

Дереккөздің ақпаратына сәйкес, «Барселона» 33 жастағы габондық шабуылшы үшін 14 миллион еуро мен испаниялық қорғаушы Маркос Алонсоны алады. Обамеянг «Челсимен» тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен екі жылдық келісім-шартқа қол қояды. Ал Алонсоның каталондық клубпен келісімі үш жылға есептелмек.

Еске салайық, Обамеянг «Барселонаға» 2022 жылдың қаңтарында еркін агент ретінде қосылған еді. Шабуылшы Англияда 2018 жылдың қаңтарынан бастап Арсеналдың намысын қорғады. «Барселонада» Обамеянг 24 матчта 13 гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×