Обамеянг голын марқұм кумиріне арнады

Абзалұлы Шерхан
Бас редактор
30.08.2020, 22:05
Көпке танымал актёр Чедвик Боузман күні кеше дүниеден озды.
Обамеянг голын марқұм кумиріне арнады

Лондондық "Арсеналдың" шабуылшысы Пьер Эмерик Обамеянг Англия Суперкубогінде "Ливерпульге" қарсы өткізген ойында соққан голын рак ауруынан қайтыс болған актёр Чедвик Боузманға арнады.

31 жасар шабуылшысы ойынның 12-ші минутында ойын есебін ашқан сәтте "Черная пантера" фильмінде "Ваканда мәңгілік" ұғымын білдіретін қимылды жасады.

Marvel кинокомпаниясының көптің көңілінен жол таба білген кезекті фильмінің бірі "Қара қабыландағы" басты рөлді Чедвик Боузман сомдап келді.

Боузман "Қара қабылан" рөлінен басқа Marvel-дың "Кек алушылар: Шексіздік айқасы", "Кек алушылар: Финал" секілді туындыларына да түсті.

Боузман Обамеянгтың кумирі екені бұрыннан жұртқа мәлім. Себебі, шабуылшы 2019 жылы соққан голын да "Қара қабылан" бетпердесімен тойлаған еді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×