Одриосола осы маусымдағы ең көп жүлде жеңген ойыншы атанды

24.08.2020, 19:41
Ол осы маусымда 5 кубок жеңіп алды
Одриосола осы маусымдағы ең көп жүлде жеңген ойыншы атанды

Marca басылымының мәліметіне сәйкес, қорғаушы Альваро Одриосола Чемпиондар лигасының финалында «Баварияның» жеңіске жетуінің арқасында осы маусымдағы бесінші олжасын жеңіп алды.

Одриосола маусымды Испания клубында бастады. Ол Испания чемпионатында «Реал» үшін төрт ойын өткізіп, ел чемпионы атанды, Альваро сонымен қатар Испания Суперкубогын жеңіп алды.

2020 жылдың қаңтарында қорғаушы «Баварияға» маусымның қалған кезеңіне жалға берілді және Германия клубына ұлттық лигада, Германия кубогында және Чемпиондар лигасында жеңіске жетуге көмектесті.

Осылайша, «Реал Мадрид» пен «Бавария» клубында өткізген 613 минутта Одриосола бес кубокқа ие болды - әр 122 минут сайын бір кубок.

Одриосола «Реалға» 2018 жылдың жазында «Реал Сосьедадтан» ауысып келді. Трансфер құны 30 миллион еуроны құрады. Қорғаушының Мадридтік клубпен келісімшарты 2024 жылдың жазына дейін жарамды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×