Қазақ футболының тарихындағы даңқты бапкерлердің бірі Дмитрий Огай енді "Урал" командасының бас бапкері. Бұл жайында аталмыш команда директоры Григорий Иванов мәлімдеді. "Тобыл" бапкері болып жүргенде керемет нәтижелерге қол жеткізіп, Интертото кубогының иегері атанған Огай өзін ресей біріншілігінде көрсете алатын шығар деген үміт басым. Соңғы клубы "Тараздың" келер жылғы дайындығы да көңілінен шықпаса керек бапкер өзінің бағын көршілес елде көрейін деді. Оның үстіне ол кісінің Қазақстан футбол федерациясымен ара-қатынасы жылы емес. Не де болса отандасымызға сәттілік тілейміз. Алдағы уақыттарда Футбол.кз сайты "Урал" командасының аяқалысы жайында үнемі жазып тұратын болады.