Оған футболшының өзі кінәлі... Спорт комментаторы Еркебұлан Сейдахметтің мансабына басты кедергіні атады

25.04.2025, 12:22

Белгілі комментатор Бексұлтан Кеулімқос Еркебұлан Сейдахметтің мансабы туралы пікірін айтты.

Оған футболшының өзі кінәлі... Спорт комментаторы Еркебұлан Сейдахметтің мансабына басты кедергіні атады
Еркебұлан Сейдахмет пен Лионель Месси

Спорт журналисі Sports.kz-ке берген сұқбатында «Ақтөбе» жартылай қорғаушысына өзінің әлеуетін ашуға не кедергі болғаны жайлы ойын да ортаға салды.

«Футболшы танымалдылыққа дайын болуы тиіс. Естеріңізде шығар, бізде Еркебұлан Сейдахмет дейтін футболшы болған. Оны жиі мақтап, «қазақтың Мессиі» дейтінбіз, бірақ біз немесе журналистер Сейдахметтің артылған үмітті ақтай алмағанына кінәлі емеспіз ғой. Оған футболшының өзі кінәлі», - деді Б. Кеулімқос.

Е. Сейдахмет «Ақтөбеден» бөлек «Қайрат», талдықорғанның «Жетісуі» мен ресейлік «Уфа» жейдесінде доп тепті, питерлік «Зениттің» қаралымында болды және Болгария чемпионатында «Левски» командасының намысын қорғады. ҚПЛ-2025-те ақтөбеліктер сапындағы 5 ойында 1 гол мен екі ассисттің авторы атанды.                

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×