Ойдан-қырдан

10.09.2011, 18:40
Ойдан-қырдан

«Анжи» тағы кімді алар екен?..

Жуырда испан футболының ардагері, ұлттық құрама сапында ең көп ойын өткізген Рауль Гонсалес әлем футболының жұлдыздарын жинақтап жатқан ресейлік «Анжи» клубының қатарын толықтыруы мүмкін. Аталмыш клубтың басшылығы Раульдің қазіргі таңда ойнап жүрген немістің «Шальке-04» клубымен жасаған 2012 жылға дейінгі келісім шартқа қарамай, қалайда алуға ниеттеніп отырғандығын айтады. Ал, «Анжи» келісім шарт уақыты бітпей-ақ «Челсидан» Это О-ны алғанын ескерсек, сондай-ақ Роберто Карлос, Юрий Жирков сынды аяқдоп шеберлерін еш қиындықсыз қатарына алғанын қоссақ, онда Раульді де клуб қатарына көріп қалуымыз бек мүмкін.

Әлемдегі ең өзгеше гол

Футболдан ОАӘ шабуылшысы Зеяб Авана әлем футболы тарихындағы менсінбей соғылған голдың авторы. Яғни ол Ливан құрамасымен өткен жолдастық кездесуде 11 метрлік айып добын өзгеше орындады. Таблодағы көрсеткіш 5-2 есебін көрсетіп тұрған кезде орын алған бұл айып добын Авана артымен жүгіріп келіп, өкшесімен түртіп қалса керек. Қақпашы соншалықты қауқарлы соққы болмаса да допты өткізіп алған. Мұны кемсітушілік деп бағалаған ОАӘ құрамасының бапкері гол авторын лезде ауыстыруға мәжбүр болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×