Ойын ортасында төбелескен Қазақстандық жасөспірімдер футболдан өмір бойына шеттетілуі мүмкін

15.08.2025, 20:25

Қазақстан футбол федерациясы "Тұран" мен "Екібастұз" командалары арасындағы жаппай төбелеске қатысқандарға қатаң жаза қолданатынын мәлімдеді.

Ойын ортасында төбелескен Қазақстандық жасөспірімдер футболдан өмір бойына шеттетілуі мүмкін

Шымкентте 2011 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты ойыны кезінде екі команда ойыншылары жаппай төбелескен. Жас футболшылар бір-бірімен жанжалдасып, кейбірі тіпті алаңда құлап жатты. Төреші кездесуді уақытынан бұрын тоқтатуға мәжбүр болды.

ҚФФ мәліметінше, төрешілер хаттамалары мен бейнежазбалары дисциплинарлық және этикалық комитетке жіберілген. Бұл оқиғаға қатысты отырыс келесі аптада өтеді.

"Барлық кінәлілерге қатаң жаза қолданылады, тіпті футболдан өмір бойына шеттетуге дейін барамыз.” — деді ҚФФ өкілдері.

Федерацияның айтуынша, балалар мен жасөспірімдер деңгейіндегі агрессия мен зорлық-зомбылық спорт этикасын өрескел бұзу болып саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×