Ойын соңынан болған оқиғаға байланысты кешірім сұраймын

01.07.2024, 11:41

ҚПЛ-дің 13-туры аясында "Ақтөбе" өз алаңында "Тобылды" қабылдады. Тартысты өткен кездесуде қостанайлық клуб 3:4 есебімен басым түскен болатын. Ақтөбедегі ойын соңынан кейін алаң иелерінің қорғаушысы Бағдат Қайыров пен жергілікті жанкүйерлер арасында кішігірім конфликт туындаған. Ақтөбелік футболшы осы оқиғаға байланысты өзінің пікірін білдіріп, фанаттардан кешірім сұрады. 

Ойын соңынан болған оқиғаға байланысты кешірім сұраймын
Бағдат Қайыров "Ақтөбе" сапында

"Құрметті жанкүйерлер! Ойын соңынан болған оқиғаға байланысты кешірім сұраймын. Қандай жағдайда да бұлай сөйлеуге болмайтын еді, мен қатты әсерде болдым. Бұл оқиғадан кейін мен ол жігітпен жолықтым, біз бір-бірімізден кешірім сұрадық. Жанкүйерлер әрдайым өзінің клубына уайымдайды, сондықтан сынды қабылдай білу керек. Жасыл алаңға кім шықса да, командаға көмектесемін деген ниетпен шығады. Бұл матч біз үшін сәтсіз өтті",- деген еді Б. Қайыров.

Айта кетейік, 13-турдан кейін  премьер-лигада"Ордабасы" көш бастап тұр. Шымкенттік клуб еншісінде 25 ұпай. Екінші сатыда "Ақтөбе", үздік үштікте алматылық"Қайрат".

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×