
"Барселонаның" бас бапкері Ханс-Дитер Флик Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы "Интерге" қарсы қарымта ойын алдындағы ойымен бөлісті. Оның айтуынша, мұндай деңгейдегі ойындарда футболшылар қысымға емес, шабыт пен сенімге сүйеніп ойнауы тиіс. Матч бүгін түнде Астана уақытымен 00:00-де басталады.
"Мен өз ойыншыларыма қысым жасағым келмейді. Керісінше, олар ойыннан ләззат алуы керек. Бір-бірімен жақсы байланысып, бірін-бірі толықтырып, керемет стильде өнер көрсетуі қажет.” – деді Флик.
Еске сала кетсек, алғашқы ойын Испанияда өтіп, 3:3 есебімен тең аяқталған болатын. Бұл екі команда үшін де қанағаттанарлық нәтиже емес, сондықтан оларды енді Италияда шешуші текетірес күтіп тұр.
Біздің серіктес: FONBET