“Оқжетпес” алдында биік меже – Әкім жаңа бапкерге нақты міндеттер жүктеді

09.01.2026, 14:35

Көкшетаулық "Оқжетпес" клубының тізгінін ұстаған жаңа бас бапкер Ринат Алюетовке қала әкімі Әнуар Күмпекеев нақты міндеттер мен басымдықтарды белгілеп берді, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Оқжетпес” алдында биік меже – Әкім жаңа бапкерге нақты міндеттер жүктеді
Әнуар Күмпекеев

Жүздесу барысында клубтың болашағы мен жаңа маусымдағы бағыт-бағдары айқындалды. Қала басшысы клубтың жаңа басшылығы мен бапкерлік штабына бірқатар маңызды талаптар қойды.

1. Еурокубокқа жолдама алу

Клубтың турнирлік кестедегі деңгейіне қатысты талап қатаң, "Оқжетпес алдағы маусымды 4-5 орындардан төмен емес нәтижемен аяқтауы тиіс. Бұл меже команданың келешекте Eуропалық аренада бақ сынауына мүмкіндік беретін маңызды қадам болмақ.

2. Жергілікті жастарға сенім арту

Әкімнің тағы бір маңызды талабы — құрамды жасақтау кезінде жергілікті жас таланттарға басымдық беру. Көкшетау футбол мектебінің түлектері мен болашағынан үміт күттіретін өрендерге мүмкіндік сыйлап, олардың кәсіби тұрғыда өсуіне жағдай жасау қажеттігі айтылды. Бұл қадам облыс футболының ішкі әлеуетін көтеруге бағытталған.

3. Намыс пен бірлік — басты қағида

Спорттық нәтижемен қатар, команданың ішкі ахуалына да ерекше мән берілмек. Мақсат — алаңда аянып қалмайтын, облыс намысы мен клуб беделін бәрінен биік қоятын ұйымшыл әрі қайсар ұжым қалыптастыру. Әр ойыншының "Оқжетпес” жейдесін кигендегі жауапкершілігі мен жеңіске деген жігері жанкүйерлер үшін басты көрсеткіш болмақ.

"Біздің мақсатымыз — тек ұпай жинау емес, облыс намысын лайықты қорғайтын, жастарға үлгі болатын жауынгер команда құру.” — деп отыр қала басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×