Көкшетаулық клуб 23 турдан кейін 32 ұпаймен жетінші орынға жайғасуда.
Қайрат Жұмабекұлының командасы 9 матчта ұтып, 5 кездесуде тең ойнап, 9 бәсекеде жеңілген. Доп айырмасы 31-31. Көкшетаулықтар бірінші айналымда «Астанадан» 2:5 ұтылған. Жалпы, команда соңғы үш бәсекеде қатарынан ұтылып келеді - «Ақтөбеден» 1:2, «Қайраттан» 0:1, «Қызыл-Жардан» 1:3. Қарсыласының мотивациясын ескерсек бұл сәтсіз серия бүгін де жалғасуы кәдік. Бірақ, «Оқжетпестің» керек кезде жиналып, мықты қарсыласқа қарсы тегеурін таныта алатынын жақсы білеміз.
«Астана» чемпиондық таласта бүгін міндетті түрде 3 ұпай олжалауы керек. Олай болмаған жағдайда көш басындағы «Қайраттан» қалып қояды. Тіпті, өзінен кейін келе жатқан «Тобылды» алдына түсіріп алуы да ықтимал. Қарсыластар арасын 3 ұпай бөлуде. Одан кейін Григорий Бабаянның шәкірттерінде кесте өте күрделі - соңғы екі ойында «Ақтөбе» мен «Қайрат» күтіп тұр. Сол үшін елордалықтарға бүгін ұпайдан шашау шығаруға болмайды.
Бұл кездесудегі жалпы голдардың тоталы 2.5-нан кем болады деп болжаймыз. Бұған Fonbet.kz 1.95 коэффициент беруде.