Көкшетаулық клуб 19-турда «Елімайды» қабылдайды. Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері үшін өте маңызды матч.
«Оқжетпес» дәл қазір алтыншы орынған жайғасуда. Команда 18 матчта 28 ұпай еншілеген. Соңғы бес бәсекеде 8 ұпай олжалады. Көкшетаулықтардың соңғы матчтарын Шымкентте өткізіп жүргенін айта кету керек. Команданың өз алаңындағы қорғаныстағы ойыны көңіл көншітпейді - соңғы 5 кездесуде 9 гол жіберді.
Андрей Карпович командасының еншісінде де 28 ұпай. Семейліктер бүгінгі қарсыласынан тек қосымша көрсеткіштер бойынша бір саты жоғары тұр. «Елімай» соңғы бес ойында 7 ұпай еншіледі. Өткен турда семейліктер «Жетісуды» жеңген 3:0. Ол ойында команданың жаңа футболшылары Рамазан Оразов пен Ғалымжан Кенжебек ерекше көзге түсті.
Кешке алаң иелері жеңілмейді деп есептейміз. Бұған Fonbet.kz 1.60 коэффициент береді.