Қызылордалық "Қайсар" командасы қорғаныс шебін отандық ойыншымен нығайтты, деп хабарлайды Aladop.kz.
"Қайсар” жаңа маусым қарсаңында құрамын толықтыруды жалғастыруда. Бұл жолы “Қасқырларэ сапына 26 жастағы тәжірибелі қорғаушы Нияз Ыдырысов қосылды.
Ыдырысов өткен маусымды Көкшетаулық "Оқжетпес” клубында өткізді. Ол тек негізгі құрам ойыншысы ғана емес, команданың капитаны болды.
Маусым барысында Нияз чемпионат аясында 23 матчқа қатысып, қорғаныстағы сенімді ойынымен көзге түсті.
"26 жастағы қорғаушы Нияз Ыдырысов "Қайсармен" келісімшартқа отырғанын хабарлаймыз.
"Оқжетпес" командасының капитаны өткен маусымда 23 рет алаңға шығып, қорғаныста сауатты ойнай білді.
Жаңа ойыншымызға жасыл алаңда сәттілік тілейміз!
Қош келдің, Нияз!” – деп жазды клуб ресми түрде.