«Оқжетпес» қатарын бразилиялық футболшы толықтырды

05.04.2025, 11:17

Бразилиялық қорғаушы Энцо Мендес «Оқжетпестің» қатарын толықтырды.

«Оқжетпес» қатарын бразилиялық футболшы толықтырды
Энцо Мендес

Бізге жеткен мәліметке сенсек, легионердің жалақысын жеке демеушілер төлеп беріп отыратын болыпты. Айта кетейік, осыған дейін семейлік «Елімай» Энцо Мендеспен келісімге келгенін жариялаған еді, алайда Андрей Карпович жаттықтыратын команда бұл ақпаратты жоққа шығарып, футболшымен қош айтысқан болатын. 

Сөйтіп бразилиялық әйгілі футзалшы Фалькаоның ұлы ақыры ҚПЛ-де қалыпты, бірақ енді ол көкшетаулық ұжымның намысын қорғайтын болады. 

23-жастағы футболшы осыған дейін негізінен өзінің отанында доп тепкен - «Лондрина» секілді клубтарда өнер көрсетті. Бұдан бөлек, португалияның «Лейшоеш» және «Портимоненсе» ұжымдарында ойнаған. 

«Оқжетпес» ҚПЛ 2025-тің үш турының қортындысы бойынша 4 ұпаймен алтыншы келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×