“Оқжетпес” клубында маусымаралық үлкен өзгерістер күтілуде

29.10.2025, 09:30

Көкшетаудың "Оқжетпес" клубында қысқы тынығу кезеңінде елеулі өзгерістер орын алмақ. Команданың басқару құрылымы, бапкерлік құрам және ойыншылар құрамында ауыс-түйістер жасалуы мүмкін.

“Оқжетпес” клубында маусымаралық үлкен өзгерістер күтілуде

Клуб директоры Мұрат Тлешев қызметінен кетуге жақын тұр, ал оның орнына бірнеше үміткер қарастырылуда. Сонымен қатар, команда нәтижелері маусым бойы төмендегендіктен, бапкер Қайрат Нурдәулетовтің де қызметінде өзгерістер болуы ықтимал.

“Оқжетпес" жаңа маусымға жаңаша көзқарас пен стратегиялық өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Бұл клуб үшін тек кадрлық ауыс-түйіс қана емес, сонымен қатар команданың ойын сапасын көтеруге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×