«Оқжетпес» пен «Елімай» өзара жеңімпазды анықтай алмады

02.08.2025, 18:52

Қазақстан Премьер-Лигасының 19-туры Көкшетауда «Оқжетпес» пен Семейдің «Елімай» кездесуімен басталды.

 

«Оқжетпес» пен «Елімай» өзара жеңімпазды анықтай алмады

Осы турда көпшілік асыға күткен ойынының бірінші таймында есеп ашылмады. Барлық жайттар екінші таймда тіркелді. 54-минутта Дәурен Жұмат алаң иелерін алға шығарды. Әйтсе де, көкшетаулықтар басымдықты сақтап қала алмады. Қонақтар 66-минутта пенальти орындауға мүмкіндік алып, Ғалымжан Кенжебек тараз басын теңестіріп кетті. Есеп: 1:1.

Енді екі клубтың да еншісінде 29 ұпай бар. 

«Оқжетпес» — «Елімай» 1:1 (0:0)
Голдар: Жұмат 54 (1:0), Кенжебек (пенальти) 66 (1:1)

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×