«Оқжетпес» - «Тобыл» теке-тіресіне болжам

05.04.2025, 12:30

Бүгінгі ойын күнін «Оқжетпес» пен «Тобыл» ашады.

«Оқжетпес» - «Тобыл» теке-тіресіне болжам
Николай Сигневич

Үш тур қортындысы бойынша екі команда да турнирлік кестенің жоғары жағында орналасқан - алаң иелері 4 ұпаймен алтыншы, ал «Тобыл» 5 ұпаймен төртінші келеді. Нұрбол Жұмасқалиевтің командасы өткен турда қолда тұрған үш ұпайдан айырылып қалды өз алаңында «Елімаймен» ұпай бөліскен. Сексен минут бойы ұтып тұрып, ақырында екі ұпайдан көз жазды. Әлде бірінші ойында «Ұлытауды» оңдырмаған (2:0) Нұрбол Жұмасқалиевтің шәкірттерінен тым көп үміт күтіп қалдық па? 

Жаңа маусымның алдында қостанайлықтар былтыр үздік сұрмерген атанған Ислам Чесноковтың жанына тағы бір бомбардир болған Николай Сигневичті «Атыраудан» алдырып, қосты. Сондықтан, «Тобылдың» шабуыл өті күшейеді деп күтілуі заңдылық. 

Чесноков -Сигневич жұбы авансты әзірше ақтап тұр. Десе де, жезқазғандықтар қақпасына салған 2 голдан кейін «Тобыл» екі турда бірақ доп салды. Сол Чесноков пен Сигневич жұбы там-тұмдап нәтиже беруде. Әл-Мессаудидей өткір ойыншылар қатарға қосылса, «Тобылдың» бұл компоненттегі ойыны да түзеліп қалар. 

Андерей Ферапонтовтың «Оқжетпесі» тәуір ойын көрсетуде. «Ордабасының» әлі бір гол соға алмай жүргенін есепке алмағанда, ҚПЛ-2025-тің әзіргі күнге жағымды жаңалығы осы көкшелік клуб болып отыр. Шағын бюджет пен қолының қысқалығына қарамастан жоғары дивизион дебютанты азуын көрсетті - 2-наурызда сырт алаңда «Тұраннан» есе жібергеннен кейін (2:0) Ферапонтовтың командасы екі ойында 4 ұпайды қанжығасына байлады. 

Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшылары Тимур Досмағамбетов, Аслан Дарабаевтарға сенім артқан «Оқжетпес» ҚПЛ-дің барлық фавориті үшін ыңғайсыз қарсылас болатын секілді.  Әзірше көкшелік клубта ерекше көзге түсіп жүрген Тимур Досмағамбетов пен Әлияр Мұхамедтке тәуелді болуда. Көкшетаулық клубтың ойыны көбіне-көп осы екеуіне тәуелді. 

Біз бұл ойында екі команда да гол соғады деп есептейміз. Сигневич пен Чесноков бабында, ал «Оқжетпес» өз алаңында жемісті ойнайтын команда. Fonbet. kz букмекерлік кеңсесі екі клубтың голына 2.15 коэффициент беруде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×