Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионда Көкшетаудың «Оқжетпес» командасы Қазақстан Премьер-Лигасы аясындағы өз алаңындағы ойынын Жезқазғанның «Ұлытау» клубына қарсы өткізді.
Ойын басынан-ақ алаңда тең деңгейдегі тартыс байқалды. Алайда бірінші таймның соңына таман Никола Цуцкич қарсылас қақпашысы Дмитро Непогодовты жақын қашықтықтан дәл соққымен қапы қалдырып кетті.
«Ұлытау» ойынның екінші жартысында есепті теңестіруге тырысқанымен, мүмкіндігін жүзеге асыра алмады. Кездесу 1:0 есебімен «Оқжетпестің» пайдасына аяқталды.
Осы жеңістен кейін «Оқжетпес» 27 ұпай жинап, турнирлік кестеде бесінші орынға көтерілді. Ал «Ұлытау» 13 ұпаймен 12-орында қалып отыр.
«Оқжетпес» — «Ұлытау» 1:0 (1:0)
Гол: Цуцкич, 44-минут (1:0)
Қызыл қағаз: Қалмырза, 88-минут