«Оқжетпес» өткен турда тартысқа толы ойында «Тобылдан» есе жіберді 1:2.
Жалпы, соңғы уақытта көкшетаулықтардын ойынында бір дағдарыстың бары байқалады. Дәлел - соңғы бес матчта небары 4 ұпай олжалап, 3 рет жеңіліс тапқан. Қайрат Нұрдәулетов тізгін алып, жағдайды реттемесе, клуб маусым басындағы позициясынан айырылатын түрі бар. Сол үшін бүгін номиналды алаң иелеріне ұпай олжалау аса маңызды болып тұр. Көкшетаулықтар көп жібереді, сондай-ақ өздері де гол салғанды жақсы көретін ұжым. Соңғы 5 матчта 3 рет қарсылас қақпасының саңылауын тапқан.
Жезқазғандық клуб 16 турдан кейін 13 ұпаймен он бірінші келеді. Бүгінгі матч қонақтарға тек турнирлік тұрғыдан ғана маңызды емес, бірінші айналымдағы кеткен есесін қайтаруды көздейді. 19-сәуірде жезқазғандық команда «Оқжетпестен» өз алаңында 0:1-мен ұтылған. Нұркен Мазбаевтың жаттықтыруымен бүгін ұпай олжалап қоймай, қарымта қайтаруды да ойлайды. Бапкер ауыстырған қос клубтың теке-тіресінде кімнің бағы жанады?
Бұл ойынның жалпы тоталы 2.5-тен кем болады деп ойлаймыз. Бұған Fonbet.kz өзінің 1.68 коэффициентін тарту етеді.