"Қайраттың" қорғаушысы Еркін Тапалов 22-турда "Оқжетпеске" қарсы өтетін ойынға қатыса алмайды.
Тапалов 21-турда "Елімайға" қарсы кездесуде (2:3) Иван Свиридовпен жанжалдасқаны үшін қызыл қағаз алғандықтан, келесі ойынды өткізіп алатын болды.
Биылғы маусымда Еркін Тапалов 13 ойын өткізіп, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген, сондай-ақ 1 сары және 1 қызыл қағазы бар.
Сондай-ақ, Бұл кездесуге "Оқжетпестің” шабуылшысы Алияp Мұхамед те қатыса алмайды.