Клубтың қазіргі басшысы Мұрат Тілешев клубпен қоштаспақ деп хабарлайды Aladop.kz.
Серый CARDINAL телеграм арнасының хабарлауынша, Мұрат Тілешевтің қолданыстағы келісімшарты ертең, 4 сәуірде аяқталады. Алайда, клубтың тағдырын шешетін қос билік — белгілі кәсіпкер Иван Сауэр мен қала әкімі Әнуар Күмпекеев әлі де нақты шешім қабылдамаған көрінеді.
Қазіргі уақытта "Оқжетпес” лагерінен бір-біріне қарама-қайшы мәліметтер түсуде. Бір дереккөздер Мұрат Әзімбекұлы ұжыммен қоштасып үлгергенін айтады. Ал екінші тарап келісімшартты ұзарту мәселесі әлі де талқыланып жатқанын алға тартып отыр.
Мұрат Тілешев — қазақ футболында есімі танымал тұлға. Оның басшылығымен клубтың белгілі бір даму жоспары болды. Ендігі кезекте басшылық ауысса, команданың бағыт-бағдары мен құрамына да өзгерістер енуі әбден мүмкін.