“Оқжетпестің” жаңа бас бапкерінің есімі белгілі болды

24.11.2025, 18:25

Көкшетаулық "Оқжетпес" клубы жаңа бас бапкерді тағайындауға жақын тұр, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Оқжетпестің” жаңа бас бапкерінің есімі белгілі болды

AmanVibe телеграм арнасының мәліметінше лауазымға ең ықтимал кандидат — 47 жасар Қазақстандық маман Марат Еслямов.

"Оқжетпестің” бас бапкері болуы ықтимал негізгі кандидат — Марат Еслямов. Көкшетау клубын дәл осы маманның басқару мүмкіндігі өте жоғары.

47 жастағы Еслямовтың бапкерлік карьерасында Павлодар облысының "Ақсу” клубында, Қызылордалық "Қайсар” мен "Ұлытауда” жұмыс істеген кезеңдері бар. Ал оның соңғы қызметі "Оқжетпес” дублін жаттықтыру болған, бұл оны негізгі команда үшін ең қисынды әрі дайын нұсқалардың біріне айналдырады.” – деп жазды телеграм арна.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×