Григорий Бабаян "Атырау" футболшысы жайлы: ол кеше өзінің төмендігін көрсетіп қойды

01.11.2024, 10:23

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян ҚПЛ-дің кейінге шегерілген 17-турындағы «Астана» - «Атырау» матчынан кейін орын алған жағдайға байланысты пікірін айтты.     

Григорий Бабаян "Атырау" футболшысы жайлы: ол кеше өзінің төмендігін көрсетіп қойды
Григорий Бабаян "Астана" ФК бас бапкері

«Ақтық ысқырықтан кейін «Атыраудың» бас бапкері Виталий Жуковскийге рахмет айту үшін жақындадым, бірақ «Атыраудың» футболшысы Джоель Каямба біздің клубтың ойыншылары мен бапкерлік құрамға қарата небір жаман сөздер айтты. Сигневич пен Стасевич секілді тәжірибелі әрі ұстамды футболшылар әдеттегідей жақындап келіп, қолымызды алса, ал мынау арандата бастаған. Жалпы, кешегі жағдайдан кейін осындай бірдеңені жазатынын күткем. Ол кеше өзінің төмендігін көрсетіп қойды. Ол жерде болғандар тіпті сол «Атыраудың» бас бапкерінің өзі Виталий Михайлович Жуковский де менің сөзімді растай алады. Қазір тарап жатқан видеода менің Каямбаға қол көтермегенім көрініп тұр, ондай ойым да болмаған, тек бас киімін түзеп, тынышталуын ғана сұрадым. Егер ол өзінің кінәсін білмей, мұның арандатушылық екенін түсінбесе, артынан келіп менің қолымды алмайтын еді», - деді осы жағдайға байланысты Г. Бабаян.

«Астана» ҚПЛ-дің аяқталуына екі тур қалғанда 43 ұпаймен көш бастады. Екінші орында алматының «Қайраты», үздік үштікті 39 ұпаймен «Ордабасы» түйіндеді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 5
Күлкілі 2
Масқара 4
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×